Úı Sport Ескек есу және желкенді спорт түрлерінен топ жарған спортшылар марапатталды

Ескек есу және желкенді спорт түрлерінен топ жарған спортшылар марапатталды

Ескек есу және желкенді спорт түрлерінен топ жарып келген спортшылар марапатталды. Түркістан облысының тарландары 5-жазғы спартакиадада бақ сынаған болатын.

Орал қаласында өткен жарыс нәтижесінде өңір қоржынына 14 медаль түсті. Оның 4 алтын, 4 күміс және 6 қола жүлде. Осылайша төртжылдық бәсекені жерлестеріміз командалық есепте екінші орынға табан тіреп аяқтады.

Қуаныш Бекпенбетов, Түркістан облысының желкен және ескек есуден спортшысы: «Республика бойынша облысымыздың атынан қатысып, екінші орын алдық. Бапкерлерімізге алғыс айтамыз».

Ақерке Анарқұл