Úı Jańalyqtar Сарыағаш ауданында автомобиль жолдары жаңғыртылмақ

Сарыағаш ауданында автомобиль жолдары жаңғыртылмақ

Сарыағаш ауданында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов және аудан әкімі М.Отаршиев аудан аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйімен танысты.

Жұмыс барысында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары және жол бойын көгалдандыру үшін атқарылатын жұмыстардың эскиздік жобалары талқыланды. Алдағы уақытта жол жөндеу, абаттандыру жұмыстары қолға алынбақ.