Шымкентте осы сәттері Чех Республикасы өкілдері мен жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес форум өтіп жатыр. Қос тараптың іскерлері ортақ жобаларды талқылап, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеудің тетіктерін қарастырады.
Шетелдіктер әсіресе, туризм, мал шаруашылығы, қайта өңдеу салаларында күнгей кәсіпкерлерімен әріптестік орнатуға мүдделі. Жергілікті билік өкілдері шаһарға іс- сапармен келген Чех Республикасының бизнесмендеріне қаладағы кәсіпкерлікке жасалып отырған қолайлы жағдайларды түсіндіріп, қос тарапқа да тиімді жобаларды ұсынды.
Мақпал Рысбаева