Нұр-Сұлтан қаласында «Көрме» орталығында жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары-2019» республикалық көрме-байқауы өтті.
Биыл көрмеге өндірістік мақсаттағы өнімдері, халыққа арналған тұрмыстық тауарлар және азық-түлік өнімерін шығаратын 150-ден аса компания қатысты. Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сүт өнімдері, жартылай дайын өнімдер, текстиль және киім, құрылыс материалдары, медициналық заттар, корпусты жиһаз және басқа да өнімдердің кең ауқымы қонақтар назарына ұсынылды. Түркістан облысынан бұл байқауға алты тауарөндірушлер қатысты. Атап айтқанда, Төле би ауданындағы ең ірі балмұздақтың 80-нен аса түрін шығаратын «Балмұздақ» ЖШС, Сайрамдық алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын «DALA-FRUIT.KZ» компаниясы, Кентаулық жоғары сапалы трансформаторлар өндіретін «Кентау трансформатор зауыты», медициналық мақсаттағы ортопедиялық бұйымдар шығаратын «Marai E7 Group» ЖШС, түркістандық «Азия Бренд» жиhаз фабрикасы және пресс жіп иіру және қыш шығаратын «ТМ-Строй-21» ЖШС қатысып, бақ сынып қайтқан болатын.
Көрме-байқаумен бір мезгілде отандық қолөнер шеберлерін, сонымен қатар қолдаңбалы өнер саласындағы шетелдік сарапшылар, елшіліктер мен сауда-өнеркәсіп палаталары, отандық және шетелдік сауда желілерінің өкілдері, дистрибьютерлердің басын қосқан «Ұлы дала елі» форумы өткізілді. Форум шеңберінде өткен қолөнершілер көрмесіне облысымыздан Отырар ауданының тұрғыны Шолпан Құдайбергенқызы қатысты. 1980 жылдан бері кілем тоқумен айналысатын қолөнер шебері Нұрсұлтандықтарға өз туындыларын ұсынып, алғыс хатпен марапатталды.
Байқау нәтижесі бойынша арнайы құрылған сараптамалық комиссияның шешімімен 153 компания ішінен 27 финалист таңдалады. Олардың қатарында Түркістан облысынан -«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «DALA-FRUIT.KZ», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Marai E7 Group» ЖШС көрме-байқауының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Республикалық байқау жеңімпаздарының есімдері онлайн дуыс беру арқылы жыл соңына дейін белгілі болады.
https://golos.altynsapa.kz/login сілетемесі арқылы жергілікті тауарөндірушілерімізге қолдап, дауыс бере аласыз. Айта кетейік, дауыс беру 15 қазаннан 25 қазанға дейін жалғасады.
Úı Jańalyqtar ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ -2019: Түркістандық кәсіпкерлер финалдық кезеңге жолдама алды