Úı ANONS Динара Сәдуақасова қазақстандық шахматта жаңа рекорд орнатты

Динара Сәдуақасова қазақстандық шахматта жаңа рекорд орнатты

Англияның Мэн аралында Grand Swiss Халықаралық шахмат турнирі аяқталды. Бұл FIDE турнирлерінің ең ірі жарыстарының бірі – 11 турға созылатын ұзын қашықтықты жарыс болып табылады.

Турнирге әлемнің 40-тан астам елінен 150 мықты шахматшы қатысты. Турнирдің деңгейін әлемдік деңгейдегі Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Левон Аронян және басқалар шахматшылардың қатысуынан-ақ білуге болады. Қатысушылардың орташа рейтингі 2605-ті құрады.

Турнирде қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова сәтті өнер көрсетті. Әйелдер арасында ол үнді спортшысы Харика Дронаваллимен 1-2-ші орынды бөлісті.
— Бұл өзімді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды! – дейді Динара. – күн сайын мықты ойыншылармен ойнайсың. Бар күшімді салдым — дегенмен зор қашықтық қой. Менің барлық қарсыластарым әлемдік шахмат элитасы – «алтыжүздіктер» тобындағы гроссмейстерлер болды! Бұл құрам мені қорқытқан жоқ, керісінше, өзімді тексеруге ниет тудырды.

Grand Swiss турнирінен кейін Динараның рейтингі 2505 болды! Енді ол әлемнің ең мықты шахматшылары арасында 11-ші орында тұр. Бұл қазақстандық әйелдер шахматы үшін рекорд!