Түркістан облысында құлақтандыру жүйесі тексеріледі

110

2019 жылғы 16 қазанда сағат 12.00-де Түркістан облысының барлық қала, аудандарындаэлектросиренаны қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Үрейленбей, тыныштық сақтауды сұранамыз.

Электросирена «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы болып табылады және төтенше жағдайдың қауіпі немесе орын алған жағдайда халықтың назарын аудару үшін іске қосылады.

Бұл сигналды естіген кезде тұрғындар қол жетімді барлық ақпарат қабылдау құралдарын – телеарнаны, радионы міндетті түрде іске қосып, қалыптасқан жағдайда жасайтын іс-қимылдар туралы нұсқаулық алу қажет.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы