Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі

157

29 маусымда сағат 10:00-де құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі. Бұл туралы қалалық төтеншеліктер мәлімдеп отыр.

Оның айтуынша, белгіленген уақытта халықты құлақтандыру құралдары іске қосылады. Үшінші мегаполисте республикалық және аумақтық деңгейдегі екі құлақтандыру жүйесі бар.

Жәнібек Кәрімбаев, Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары: «Республикалық деңгейде құлақтандыру жүйесінің п-164 аппаратурасы мен с-40 маркалы электр дабыл құрылғыларымен негізделген. Бұл құрылғылар 1970-80 жылы шығарылған және қолданысқа берілген. Ескі болғандықтан моральдық және физикалық жағынан істен шығып, жөндеу мәселесі көбейіп жатыр. Осы мәселені шешу мақсатында Азаматтық қорғаныс бастығы, қала әкімі тікелей тапсырмасына сәйкес ескірген жабдықтарды қазіргі заманауи хабарлау жүйелеріне ауыстыру бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жүргізілуде».

Шымкент қаласы аумағында 141 сирено және сирено-сөйлеу қондырғылары бар. Төтеншеліктер бұл шаһар тұрғындарының 80 пайызын ғана құлақтандыра алатынын айтады. Жоспар бойынша, қала аумағына жаңадан кірген шағынаудандарды қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүріп жатыр.