Мектептерде бейнебақылау жүйесіне жауапты қызметкер  бекітіледі

1025
фото inform.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінде облыстардың білім басқармалары басшыларының қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, кеңес барысында жергілікті атқарушы органдар әрдайым орындай бермейтін қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген қауіпсіздік шаралары аталып өтілген.

Олар: 1. ҚР БҒМ және ІІМ-нің бейнебақылау жүйесі арнайы бөлінген үй-жайда немесе орталықтандырылған күзет бекетінде (бар болса) орнатылатын «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелері мен жарақтандыруға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» бірлескен бұйрығы. Ақпараттың сақталу мерзімі – 30 тәуліктен кем емес.

2. Бейнебақылау жүйесін орнату және жұмыс істеуі негізге алынған ҚР БҒМ-ның «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ, арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бейнебақылау жүйесін міндетті орнату қарастырылған. Осыған байланысты, өңірлік білім басқармаларына келесі міндеттерді атқару қажет: – біріншіден, нормативтік талаптарға сәйкес келетін бейнебақылау жүйелерімен барлық білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; Балалардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде штаттан тыс жағдайларда уақытылы әрекет ету үшін сабақ кестесіне, секциялар мен үйірмелерге сәйкес бейнебақылау жүйесіне жауапты қызметкер белгілеу; – екіншіден, барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесін Ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына қосу мәселесін көтеру; – үшіншіден, мектептер мен балабақшалар аумағында өткізу пунктімен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; білім беру ұйымдарының жарғыларында бөгде адамдардың, оның ішінде балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің, олардың жақындары мен туыстарының болу тәртібін қарастыру, осы мәселелерді білім беру ұйымдарының ата-аналар және қамқоршылық кеңестерімен талқылау; – төртіншіден, білім беру ұйымдарының аумағын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес барлық шеңбер бойынша қоршаумен қамтамасыз ету; – бесіншіден, міндетті талаптарға жауап беретін білім беру ұйымдарының ғимараттарында жылы дәретханаларды жабдықтау үшін жоспарды бекіту және қаражат бөлу; – алтыншыдан, облыс орталықтарының, қалалық және басқа да ірі білім беру ұйымдарының жағдайында білім беру ұйымдарында арнайы күзет қызметіне рұқсат бере отырып, олардың жұмысын үйлестіруді ескеру міндетті; – жетіншіден, балалардың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және күшейту бойынша нұсқаулықтың орындалуын қамтамасыз ету.

«Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіндегі ұсынымдарын іске асыру аясында білім беру ұйымдарын спорт залдармен және жылы дәретханалармен қамтамасыз ету бойынша шаралар атқарылуда. Аталған мәселелерді шешу жолдары ҚР Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу барысында қарастырылуда», – деп атап өтеді министрліктен.