8 қараша 2019 жылы Шымкент қаласы «Нұрсәт» мөлтекауданында құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында үш жұмысшы топырақ астында қалған, оның ішінде екеуі қайтыс болған, үшіншісі емханаға түскен және стационарлық ем қабылдауда.
Аталған дерек бойынша Полиция департаментімен ҚР ҚК-нің 156-бабының 4-бөлігімен (еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс тіркелген.
Қажетті сот сараптамалары тағайындалған. Еңбек инспекциясына тиісті тексеру тапсырылды. Іс қала прокуратурасының және Полиция департаментінің басшылығының бақылауында.
Қылмыстық іс бойынша басқа деректер тергеп-тексеру мүддесі үшін жариялауға жатпайды.