Úı ANONS Масаға қарсы шаралар қыркүйекке дейін жалғасады

Масаға қарсы шаралар қыркүйекке дейін жалғасады

Шымкентте маса мен шіркейге қарсы кешенді залалсыздандыру жұмыстары қарқын алды. Қала тұрғындарының жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында  мамандар саябақтарда, гүлзарларда, өзен-көлдер мен канал жағалауларында зиянкестерге қарсы өңдеу шараларын жүргізуде. Ал, оның демалущыларға зиян жоқ па?

Қала аумағында жүргізіліп жатқан залалсыздандыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Әсіресе, тұрғындар жиі шоғырланатын демалыс орындары, жасыл аймақтар және су көздерінің маңы арнайы препараттармен өңделіп жатыр. Бұл жұмыстар маса мен шіркейдің көбеюін азайтып, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған дейді. Алайда, оларды түпкілікті жоя алмаймыз деп отыр.

 

ҚАНАТ ЕРБОЛҰЛЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «Өздеріңізге белгілі, масаға қатысты залалсыздандыру жұмыстары наурыз айында басталған. Қазір саябақтарда 4 ші кезеңі. Өне-каналдар, гүлзарларда екінші кезеңі жүргізілуде. Қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл жұмыстар қыркүйек айына дейін жалғасады.  Енді біз бұл жұмыстарымен масаны 100 пайыз жойып жібереміз деп айта алмаймыз. Бірақ, мейлінше жойылуына ықпал жасаймыз».

 

Жауапты мекеме өкілдері өңдеу жүргізілген аумақтарда қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Әсіресе, ата-аналар балалардың жаңадан өңделген жерлерде ойнауына жол бермей, тұрмыстық заттардың залалсыздандырылған аумақтармен жанаспауын қадағалауы қажет деп отыр. Алайда, қала тұрғындары мұндай жұмыстар түнгі уақытта не адамдар жоқ уақытта жасалуы тиіс дейді.

 

Ал, әлеуметтік желіде тұрғындардың басым бөлігі, масаның көптігіне қатысты шағымданып, заласыздандырып беруді сұрап жатыр. Әсіресе, қала аумағынан шалғай елдімекендер көп көрінеді.

 

«Достықта маса мен індемес көп. Дезинфекция жүргізе аласыздар ма?»

 

«Құрсайда маса мен шыбын шіркей көп. Дезинфекция жүргізе аласыздар ма?»

 

Ал мамандар жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың аумақтарындағы залалсыздандыру жұмыстары меншік иелерінің өтінімі негізінде және олардың жеке қаражаты есебінен жүргізілетін жеткізді.

 

 

ҚАНАТ ЕРБОЛҰЛЫ,  ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «Басқарма тарапыпан өзен-канал гүлзарлардың аумағына ғана жүргізіледі. Ал, жеке тұрғын үйлер, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін өз қаражаттарынан жүргізуге міндетті».

 

Мамандардың айтуынша, зиянкестердің көбеюінің алдын алуда тұрғындардың да үлесі маңызды. Ол үшін аулаларды таза ұстап, қоқыстарды уақытылы шығару және жаңбырдан кейін немесе суару барысында судың ашық жерде жиналып қалуына жол бермеу қажет. Себебі тоқыраған су маса дернәсілдерінің дамуына қолайлы орта қалыптастырады.

Нұргүл Жолымбетова