Сайрам АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғынның бірі хабарласып, есірткі сатумен айналысып жүрген белгісіз ер адам туралы хабарлайды.
Аталмыш жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіледі. Аталған қылмысты жедел түрде ашу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шақырылып, арнайы топ құрылады.
Полицейлер тарапынан түрлі шаралар жүргізіліп, 10 күннің ішінде күдіктінің түр тұлғасы белгілі болады. Осылайша облыстың тәжірибелі полицейлері күдіктінің ізіне түсіп, есірткі сатып тұрған жерінен ұстайды. Сол сәтте оның қолындағы қап ішінде 3 дана пакеттерге салынған есірткі тектес заты табылады. Одан соң оның тұрғылықты мекен-жайын тексеру кезінде үйінің ауласындағы сарайына сақтап қойған 3 дана полиэтилен пакетке, пластикалық ыдысқа және 2 дана қағаз орамаға буылған есірткі тектес заты тәркіленеді. Аталған заттар сараптамаға жіберіліп, оның қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 5 кг марихуана болып шықты.
Осылайша аса ірі көлемде марихуанамен ұсталған күдікті бүгінгі таңда қамауда. Облыс полицейлерімен тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістандық полицейлер азаматтарға тыйым салынған заттарды қолдану немесе өткізу істері жауапқа тартылатынын ескертеді. Сонымен қатар қолдан келгенше салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Өйткені есірткі қолдану, сақтау немесе сату адамның денсаулығына зиян. Оның тигізер зардабы да қиын. Сол себепті тұрақты түрде спортпен шұғылданып, мүмкіндігінше бос уақыттарыңызды пайдалы істерге жұмсаңыздар.