Шымкентте 2 шенеунік парамен ұсталды

522

Шымкентте тағы екі шенеунік пара алу үстінде ұсталды.

Агенттіктің мәліметінше, қалалық әкімдіктің Ішкі аудит қызметінің басшысы 2018-2019 жылдар аралығында колледжде жүргізілген аудиторлық тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін қалалық білім басқармасының «Музыкалық колледж» МКҚК директорынан 1 миллион 200 мың теңге сомасында пара алған.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы да сыбайлас жемқорлыққа жол берді деп, күдікке ілігіп отыр.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің мәліметіне сүйенсек, шенеунік орта мектептің оқу бөлімінің меңгерушісінен оны мектеп директоры лауазымына тағайындауға тест тапсыруына көмек көрсеткені үшін 400 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алған.Қазіргі кезде аталған тұлғалар кінәсін мойындағаны және тергеуге келетіні жөнінде міндеттеме алғаны үшін бұлтартпау шарасы қолданылмаған. «Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», — делінген хабарламада.

Мөлдір Бекеева