Келер жылы 1000 орындық көпсалалы аурухана пайдалануға беріледі

183

Шымкентте денсаулық саласында атқарылған істер ауыз толтырып айтарлық. Мәселен, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 100 жедел жәрдем көлігі қолданысқа берілді. Сонымен қатар, бірыңғай «CALL-центр» іске қосылып, қызмет сапасы және бригаданың қысқа мерзімде діттеген жеріне жетуіне ықпал етеді.

Қазіргі таңда, денсаулық сақтау саласына инвесторлар тарапынан қызығушылықтар да жоғары. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2 ірі жоба іске асырылды.
Атап айтқанда «Медикер» заманауи медициналық орталығы ашылды. Бұл, қаладағы екі мемлекеттік емханалардағы жүктемені 20-30 мың адамға жеңілдетеді. Қайтпас-1 шағынауданында 500 орындық емхана құрылысы аяқталып, келесі жылдың қаңтар айында пайдалануға беріледі.

Келесі жылдан бастап 20 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жеке инвесторлармен бірлесе жүргізілетін болады.

Бүгінгі таңда, медицина саласында 25 жылдық тәжірибесі бар түркиялық «Орхун Медикал» ЖШС-мен құны 4,1 млрд.теңгені құрайтын онкологиялық орталыққа соңғы үлгідегі (ПЭТ) заманауи позитронды-эмиссионды томография, циклотрон қондырғысын орнату және емхана салу бойынша меморандум жасалды. Бұл жобалар бюджет қаржыларын үнемдеуге мүмкіндік береді және тарифтер есебінен өтелетін болады.
Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерде өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда оңды динамика қалыптасты (ана өлім-жітімі 63,6 пайызға, қатерлі ісіктерден 4,6 пайызға, туберкулезден – 6,6 пайызға төмендеді).

Қала тұрғындарына жоғарғы деңгейдегі кардиологиялық қызмет көрсету мақсатында қала әкімдігі «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығымен» бірлескен жұмыс жүргізу бойынша орталық басшысы, белгілі дәрігер Ю.В.Пямен мен келісім орнатты. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы кардиологиялық орталықты республикалық деңгейдегі «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ-ның басқаруына беру жоспарланды.

Ерлан Айтаханов: «Сондай-ақ, қалалық №1-ші емхананың дәрігерлері бауыр айырбастау бойынша бұрын 13-18 сағатта жасап келген күрделі отаны 5 сағат 48 минут ішінде жасап шықты. Бұл да қаламыз үшін үлкен жетістік деп айтар едім. Дегенмен денсаулық сақтау саласында өзекті мәселелер баршылық.
Осы мақсатта денсаулық сақтау нысандарын дамытудың 3 жылдық жоспары қабылданды».