Úı Jańalyqtar Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтеді

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтеді

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына! Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы 2020 жылдың 31 қаңтарында сағат 11:00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы,10 мекен-жайында өтетіні туралы хабардар етемін.

Сессияның қарауына келесі мәселе ұсынылады:

1. Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» №41/329-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2. Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы;

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев