Úı ANONS Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Отырысқа 23 депутат қатысып, төрт мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі сұрақтар мен олардың шешімі туралы толық ақпаратты алдағы сюжетте айтамыз.

Шымкенттегі кезектен тыс мәслихат сессиясы кадрлық мәселелерді талқылаудан басталды. Депутаттар әкімдік құрамына өзгерістер енгізуді мақұлдады. Нәтижесінде, шаһар басшысының орынбасары болып Берік Беркімбаев, ал аппарат басшысы болып Берік Әшірбеков тағайындалды.

Айдын Кәрімов, қала әкімінің міндетін атқарушы: «Дербес құрам толықтай бекітілді. Беркімбаев Берік, Әшірбеков Берік білікті әрі тәжірибелі мамандар. Қаламыздың дамуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз».

Отырыстағы екінші тақырып арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету болды. Яғни, бұған дейін 4 пайыз болып келген салық 2 пайызға қысқарады. Жаңа ереже келер жылдан бастап қолданысқа енбек. Сала басшыларының айтуынша, бұл өзгеріс кәсіпкерлердің жүктемесін азайтып, бизнесті ашық жүргізуге ынталандырады. Сонымен қатар, бұл кірістерді өз еркімен декларациялауды көбейтіп, салық түсімдерінің артуына жол ашады.

АСҚАР МОЛДАБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Бұл шынында да кәсіпкерлерге үлкен қолдау. Өйткені бүгін қабылданған шешім мыңдағвн кіші бизнестің жабылып қалуынан, он мыңдаған жұмыс орнын сақатп қалудан, әлеуметтік азық түлік, және қызмет көрсету бағасының тұрақты болуына, сонымен қатар кіші бизнеч өкілдерінің келесі жылғы жаңа салық жүйесіне оңай бейімделіп кетуіне оң әсерін тигізеді. Осы қолдауды ескеріп бизнес өкілдері өз кезегінде айналымдарын жасырмай, ашықтық танытып, қала бюджетін толығуына өз үлестерін қосады деп сенеміз»

Жиын барысында қаладағы бірқатар көшелерге жаңа атаулар беру жөнінде де сөз қозғалды. Алдағы уақытта бұл көшелер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімімен аталмақ. Бұл туралы сала жетекшісі ақпарат берді.

БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «12 құрамдас бөлікке және атау беру, қайта атау жұмыстарын жүргізуге келісім алынған болатын. Бұл арнайы осы комиссияда қаралып, сонымен қатар респ ономастикалық комиссиясының қорытындылары алынған»

Жиын соңында жергілікті маңызы бар мәдени-тарихи ескерткіштерді жалға берудің төлем мөлшерін анықтау мәселелері талқыланды. Халық қалаулылары ұсынылған шешімдерді толық қолдап, іске асыруға кірісетіндерін айтты.

Лаура Бабас