Úı ANONS Тұрғындар мәселесі мәслихат назарында

Тұрғындар мәселесі мәслихат назарында

«Лайк басып, пікір қалдырыңыздар». Әлеуметтік желіде қолдау күткен халық қалаулылары мен қалалық мәслихат төрағасы «Мирас» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді. Басқосуда қала тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, нақты ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды. 

Кездесу барысында жол инфрақұрылымын дамыту, халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағыттары партияның басты назарында екені айтылды. Мәслихат төрағасының сөзінше, соңғы уақытта бірқатар білім беру нысандары күрделі жөндеуден өтіп, бұл мақсатта бюджеттен қаржы бөлінген.

Сонымен қатар, мәдениет саласын дамыту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылып, бірқатар жобалардың жүзеге асуына ықпал жасалған. Бұдан бөлек, тұрғын үй мәселесі де назардан тыс қалмаған. Жауапты тұлғалардың айтуынша, халықты баспанамен қамту бойынша берілген уәделер кезең-кезеңімен орындалып келеді.

 

БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Біздің уәдеміз бойынша сайлаушылардың алдында  5,5 млн. шаршы метр пәтер  саламыз. 11,7 мың пәтер пайдалануға беріледі деп уәде бергенбіз. Бүгінде 3,2 млн. шаршы пәтерді құрайтын 7 мыңға жуық пәтер табысталды.  Біз өзіміздің уәдеден алда келе жатырмыз. Биылғыны есептмегенде. Биылдың өзінде жылдың аяғына 1,3 млн. шаршы метр тұрғын үй табысталуы жоспарлануда».

 

Кездесу барысында тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарға нақты жауап алды. Олар қоғамдық көлік мәселесін көтерді. Айтуларынша, жол жөндеу жұмыстарына байланысты мұғалімдер мен оқушылар кейде сабаққа кешігіп жатады. Мәслихат төрағасы барлық ұсыныс-тілектер назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

 

«Тіленшин көшесіндегі құрылысты тездетсе екен деген өтінішіміз бар. Кептелістен мұғалімдер мен оқушылар кейде сабаққа кешігіп жатады».

 

ЖАУАП: «Негізі жоспар бойынша жыл соңында аяқталуы тиіс еді. Енді мердігер 1 қыркүйекке дейін ашамыз деп уәде беріп отыр. Бұл да оқу жылына дайындық аясында қолға алынған жұмыс. Яғни, жолды уақытша пайдалануға беру туралы уәде естіп отырмыз».

 

Мәслихат төрағасы көтерілген барлық ұсыныс-тілектер назардан тыс қалмай, кезең-кезеңімен шешімін табатынын атап өтті. Жалпы, мұндай кездесулер халық сенімін арттырып, жергілікті мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – тұрғындар мен билік арасындағы кері байланыс нығайып, ортақ мақсат жолында нақты қадамдар жасала бермек.

Нұргүл Жолымбетова