Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент әкімдері қанша жалақы алады?

294

Республикалық маңызы бар үш қала – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент әкімдерінің қанша жалақы алатыны белгілі болды, дейді zakon.kz.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент әкімдіктеріне zakon.kz редакциясыосы негізде сауал жолдады.

Нұр-Сұлтан әкімдігіндегілер бұл ақпарат әкімдіктің сайтында тұрғанын хабарлады. 2019 жылдың тамыз айының соңында жарияланған «Нұр-Сұлтан әкімдігі басшылығының кірістері туралы ақпарат» бөлімінде әкім Алтай Көлгінов 771 007 теңге жалақы алатыны айтылады.

Алматы әкімдігі бұған қарағанда дәлірек ақпарат берді. Әкім Бақытжан Сағынтаев 20 жылдан астам еңбек өтілі бар саясаткер. Оның толық жалақысының көлемі – 967 671 теңге, одан барлық міндетті салықтар мен шегерімдер алып тастағанда қолына таза тиетіні – 783 814 теңге.

Шымкенттің жаңа әкімі Мұрат Айтенов бұл әріптестеріне қарағанда 20 мың теңгедей аз жалақы алады. Оның жалақысы – 946 540 теңге. Салықтарды есептемегенде, ол – 761 540 теңге.