Алматыда COVID-2019 індетінен 7 адам жазылды

68

Алматыда коронавирустан ем қабылдаған тағы екі науқас жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқастардың бірі – әйел адам «Франкфурт –Нұр-Сұлтан – Алматы» бағыты бойынша ұшып келген.

Ал екіншісі – «Мәскеу – Алматы» рейсімен келген ер адам. Екеуі де тиісті ем-дом шараларын алды. Олар енді медицина қызметкерлерінің бақылауында 14 күндік үй карантинінде болады. Осымен Алматыда коронавирустан барлығы 7 адам жазылып шықты. Қазір қалалық жұқпалы аурулар стационарларында барлығы 60 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Жаңадан анықталған 9 науқастың алтауы инфекция жұқтырғандармен байланыста болғаны анықталды.

Бір әйел адам 19 наурызда «Минск – Алматы» рейсімен, бір пациент «Дублин – Ыстанбұл – Алматы» бағытымен және бір адам «Ыстанбұл – Алматы» рейсімен ұшып келген. «56 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 1 әйелдің жағдайы ауыр, 4-еуінің жағдайы орташа және 1 баланың денсаулығы жақсарып келеді. Жалпы алғанда бүгінгі күні провизорлық орталықтарда 1032 адам бар. Оның 122-сі – бала, 159 адам карантиндік оқшаулауда, 1514-і – үй карантинінде», – делінген ақпаратта.