Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еуропалық Одаққа мүше елдердің елшілерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша кездесті.
Кездесуге Германия, Франция, Латвия, Австрия, Финляндия, Швеция, Хорватия, Испания, Латвия, Румыния, Словакия, Чехия, Нидерланды елшілері қатысты.
Басқосуда тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Шаһар басшысы қаладағы инвестициялық жағдайды одан әрі жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, сауда-саттық байланыстарды дамыту бойынша тығыз ынтымақтастық қарқынды дамып отырғанын жеткізді.
– Шымкентте қолайлы инвестициялық климат құрылған, сондай-ақ, бизнесті дамытудың тиісті жолдары қарастырылған. Шымкенттің географиялық орналасуы, ауа-райы бизнесті жүргізуге таптырмас орын. Біз инвест жобаларды іске асыруда жұмыла жұмыс істейміз деген сенімдемін, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Өз кезегінде Еуропалық Одаққа мүше елдердің елшілері Шымкент қаласында бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар тудыру бойынша жұмыстардың оң тұстарын атап өтті.