Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Ақпарат таратқанда тек ресми мәліметтерге жүгінулеріңізді сұраймыз.
Індет жұқтырған бір адам анықталғаны рас. Алайда, қаладағы барлық жағдай толық бақылауда. Тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ. Қалған мәліметтерді ертең сағат 09:30-да тиісті мамандар брифингте хабарлайтын болады. Брифинг Хабар 24 телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Дүрбелеңге салып, жағдайды ушықтырмауға шақырамыз!