Шымкентте электр жарығы, су, газ, жылу беру тоқтатылмайды

850

Коронавирусқа байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде тұрғындарға электр жарығы, су, газ, жылу беру тоқтатылмайды.

ТЖ мерзімі аралығында коммуналдық төлемдер бойынша қарызы бар азаматтар газ, жылу жүйесінен ажыратылмайды, электр жарығы сөндірілмейді. Ауыз сумен қамту да  толық  жүргізіледі. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті пайда болған берешектері үшін тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді тоқтатпау жөнінде табиғи монополия субъектілеріне ұсыныс хатпен шыққанын хабарлады.

Дархан

Дархан Қаинбердиев, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы: «ҚР Президентінің  2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес,  Қазақстан Рсепубликасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елде төтенше жағдай жарияланған. Жарлықты орындау мақсатында  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 19.03.2020 жылғы №43-6-18/328 шығыс хатына сәйкес,  ҚР халқының  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында  табиғи монополиялар және  қоғамдық  маңызы  бар нарықтар субъектілері тұтынушылардың пайда болған берешектері  үшін төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде  тұрғын үй, коммуналдық   шаруашылық саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді тоқтатпауды  ұсынады.

Шынар Оразова