Шымкентте коронавирус туралы жалған ақпар таратқан видеоның авторы кешірім сұрады

68

Шымкентте коронавирус туралы жалған ақпар таратушы табылып, мегаполис тұрғындарынан кешірім сұрады.

Еске салайық, бүгін әлеуметтік желілерде Шымкентте коронавирустың тіркелгені туралы ақпарат таралған болатын. Бұл кезекті жалған ақпарат болып шықты. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы тек ресми ақпарат көздеріне сену керек екенін ескертеді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ішкі және сыртқы байланыс тобының ақпаратына сәйкес, бүгін Шымкент-Плаза ірі сауда және ойын-сауық мекемесінде өрт және тактикалық жаттығулар өткізген.