Úı ANONS Коммуналдық төлемдерге 12 мыңнан астам өтініш түскен

Коммуналдық төлемдерге 12 мыңнан астам өтініш түскен

 

Шымкентте 12 мыңнан астам тұрғын коммуналдық қызмет төлемдеріне қатысты жеңілдіктерге өтініш берген. Жергілікті халықтың бұл қолдауға электронды түрде өтінім беруіне жағдай жасалып отыр.

Төлемді алу үшін тұтынушы communal-komek.kz электронды порталына кіріп, жеке деректерін енгізсе, жеткілікті. Жауапты мамандар мәліметтерді растаған жағдайда абоненттің дербес шотына қаржы аударады. Бұл көмек сәуір және мамыр айларын қамтиды.

Мақпал Рысбаева