Мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген үйге жастар қоныстана бастады

378

Төтенше жағдай, карантин кезінде тұрғын үй құрылысы Шымшаһарда тоқтамады. Былтыр жастар жылы бастауын алған 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген мына бесқабатты тұрғын үйге жастар қоныстана бастады.

40 пәтерлі көпқабатты үйде 20-сы бір бөлмелі пәтерлер болса, қалғаны екі бөлмелі. Жалдамалы пәтер бес жылға беріледі. Осы мерзімде жастар өз баспаналарына қаржы жинайды. Депозитті олар «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде» ашуы шарт.

«Жас отбасылары келіп тұрып жатыр. Электр жарығы бар. Газды барлық тұрғындар  қоныстанғанда қосады. Су беріледі»,- дейді  мердігер мекеменің өкілі Еркебұлан Оңғарбай.

Айта кететін жәйт, жастар жалдамалы пәтерде тек  тұтынған суы, жылуы, электр жарығы мен табиғи газ үшін коммуналдық төлем қызметтеріне төлем жасайды. Ол сома 15 мыңнан аспауы тиіс.

Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес, тұрғын үйдің бірінші қабатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға  қол арбамен көтерілуіне жағдай жасалған. Баспана Абай ауданына қарасты Ю. Гагарин  көшесінде бой көтерген.

Шынар Оразова