Бұған дейін ғаламторда белгісіз ер адамның әлеуметтік желі арқылы онлайн-режимде ұлтаралық алауыздықты қоздыратын бейнежазбасы таралған болатын.
Аталған жайт Түркістан облысы ПД Кентау қалалық ПБ-не ҚР ҚК-нің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру» бойынша тіркелді .
Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат ретінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде тергеу органдарының қызметкерлері тергеуге байланысты іс-шаралардың барлық кешенін, оның ішінде бірқатар қажетті сараптамаларды жүргізді.
Нәтижесінде, 2020 жылғы 27 сәуірде қылмыстық іс айыптау актісімен прокуратураға зерттеу үшін жіберілді.