Көшедегі дәретханалар Шымкенттің 26 мектебінде қалды

162

«Қауіпсіздік жайлы айтар болсақ, қазір сандық бейнебақылау камераларын орнату жайын қарастырып жатырмыз», — деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қайнар бұлақ тұрғын алабына барған сапарында.

«Маған Қайнар бұлақ елдімекенi тұрғындарынан көптеген сұрақтар келіп түседi.

Сондықтан, осы жолы елдімекенге барып, тұрғындармен кездестім. Мектеп құрылыс барысында мердігерлерге мұнда өзіміздің балалар білім алатынын ескерттiм. Бiздiң міндетімiз-олар үшін қолайлы жағдай жасау.

Ыңғайлылық демекші, мектептердегі көше дәретханалары мәселесін шешетін боламыз. Қазір мұндай дәретханалар қаладағы 26 мектепте бар. Сандық бейнекамераларды орнату бойынша да жұмыстар атқарылуда.

Қайнарбұлақтықтардың мәселелері туралы жақсы білемін: жұмысқа орналасудан бастап, жер телімдерін заңдастыруға дейін. Біз оны кезең-кезеңімен шешеміз. Елдімекеннің 40-тан аса тұрғынының жұмысқа орналасу мәселесі сол сәтте шешілді. Олар мердігерлік ұйымда жұмыс істейтін болады.

Жер телімдерін рәсімдеуге тоқталсам, Қайнарбұлаққа жер комитетінің, аудандық әкімдіктің өкілдері аттанып, заң аясында шешуді қарастырды. Ал жолдар болса, биыл Қайнарбұлақта 6 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Газ және электрмен жабдықтау мәселелерін АГРС-3 және Бозарық қосалқы станциясы пайдалануға берілгеннен кейін шешеміз» деп жазды әкім әлеуметтік парақшасында.