Úı ANONS Бәйдібек ауданында 300 орындық мектеп бой көтеруде

Бәйдібек ауданында 300 орындық мектеп бой көтеруде

Бәйдібек ауданында әлеуметтік нысандар қатары көбейіп келеді. Мұнда спорт кешендерімен қатар, ірі білім беру ошақтары да бой көтеруде. Соның бірі — аудан орталығы Шаян ауылында салынып жатқан жаңа үлгідегі заманауи мектеп. 300 балаға шақталған бұл нысан аймақтағы ең қолайлы білім ордаларының бірі болмақ.

 

Шақпақ ауылындағы жаңа спорт зал өткен жылы ашылса да, мұнда қазірдің өзінде ел чемпиондары тәрбиеленіп шықты. Бәйдібек ауданының спортшылары түрлі додаларда аудан намысын абыроймен қорғап жүр. Бүгінде мұндағы ұл-қыздардың алаңсыз жаттығуы үшін барлық жағдай жасалған.

ШОҚАН СЕЙІТІМБЕТОВ, ШАҚПАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ СПОРТ ЗАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Мұнда спорттың бес түрі: волейбол, қазақша күрес, дзюдо, асық ату және үстел теннисі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. 176 спортшы жаттығады. Волейболдан облыстық чемпиондарымыз бар, одан кейін Қазақстан чемпиондарымыз бар. Қарқынды дамып келе жатыр. Енді Қазақша және дзюдо күресін жаңадан аштық. Оларда жарыстарға барып жүлделі қайтып жатыр».

Кең залдар, заманауи жабдықтар мен жуынатын бөлмелері бар киім ауыстыратын орындар болашақ чемпиондардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне септігін тигізеді.

ШЕРАЛЫ ЖАНДАРБЕК, БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ СЕКТОРЫНЫҢ МАМАНЫ: «Көріп отырған спорттық кешен құны 431 млн. 2024 ж құрылысы басталып, 2025 жылы өтпелі болып 2026 ж толық пайдалануға берілді».

Тәжірибелі бапкерлердің тәлімін алған балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы шыңдалып қана қоймай, бойында тәртіп, мақсатқа ұмтылыс пен командалық рух қалыптасады.Әрине, өңірде тек спорт қана емес, өзге де әлеуметтік салалар бірге дамып келеді. Аудан орталығы Шаян ауылында тапсырыспен 300 орындық заманауи «Жайлы мектеп» бой көтеруде. Жаңа оқу жылында есігін айқара ашатын бұл жобаның құны 3 миллиард теңгеден асады.

Ботакөз Әнуар