Жетісайда қарбыз пісті

371

 

Жетісай ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатында 78500 гектар аумаққа егіс егіледі. Соның 10636 гектарына пленка астынадағы қауын, ал, 2819 гектарға пленка астындағы қарбыздар егілген.

Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округінде орналасқан » Тың» ауылының диханы Муйтенбаев Бекжігіт өз иелігіндегі 1 гектарға. Ерте пісетін пленка астындағы қарбыз егіп, одан шыққан 25 тонна өнімді Ресей Федерациясына жөнелтті.

» Наурыз айының басында қарбыздың 70 күнде пісетін «Долбый» атты сортын екі қабат пленка астына ектім. Ауа-райы қолайсыз болған кездерде, өнім далада қалады ма деп қатты уайымдадым. Өздеріңіз көріп отырғандай барлығы ойдағыдай болды. Өнім жерде қалған жоқ. Бағасыда көңілімнен шықты» дейді Бекжігіт.

Жетісай ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін 45 гектар аумақтың қарбызы мен 11 гектардың қауыны пісуге дайын тұр

 

QAINAR KÓZЖетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі