Көлік ішінен 2.6 миллион теңгені ұрлап кетті

482

 

Мақтаарал АПБ-не «Daewoo Gentra» маркалы көліктің жүргізушісі әйел, жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша базар жанына қойып кеткен көлігінің алдыңғы орындығында тұрған 10 000 теңгелік сұр сөмкесі мен ішіндегі 2,6 миллионнан астам ақшасын, алтын бұйымдарын белгісіз азамат жымқырып кеткен. Аталған жайт полиция бөліміне 188-бап «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Күндізгі уақытта орын алған осы ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел әрекетке кірісті. Базар жанын түгел қарап, камераларды тексеріп шықты. Нәтижесінде жәбірленушінің сөмкесі базар маңынан табылып, ішіндегі 2,6 миллион теңге ақшасын асығыс алған ұры, алтындарын байқамай қалдырып кеткені белгілі болды. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдіктінің жеке-басы анықталып, іздеу жарияланды.

Полиция бөлімінің қызметкерлері атқарған тындырымды іс-әрекеттің арқасында осы ұрлыққа қатысы бар күдікті Нұр-Сұлтан қаласынан қашып жүрген жерінен құрықталды. Тергеу барысында анықталғандай жәбірленуші тұрғын көлігінің есігін кілттемей кеткен. Соны пайдаланған жас жігіт, көлікке ұрлыққа түскен. Ұрлап алған ақшасын ойынға салып, ұтылып қалған. Ізін жасыру мақсатында басқа қалада жұмыс істеп, қашып жүрген. Бас шарасы «қолхатта».

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыр. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға көліктеріңізді 5 минутқа шықсаңызда ашық қалдырмаңыздар, дабылқаққыш орнатыңыздар деп ескертеді.

Полиция.кз