Түркістан облысы полицейлері көлікті заңсыз айдап кеткен тұрғынды ұстады

131

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша тұрғын-үйінің алдында көше бойында тұрған «ВАЗ 2106» маркалы көлігін белгісіз тұлға жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, заңсыз басқарып, айдап кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 600 000 теңгені құрады.

Аталған жайт СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Арызданушының көлігін табу мақсатында аудандық полицейлер қажетті шараларды іске асырды. Жақын аймақтарды аралап, көрген-білгендерден сұрастырылды. Соның нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті анықталып ұсталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті көшеде адам жоқтығын пайдаланып, қақпа алдында тұрған көліктің есігін сыммен ашып, байқатпай айдап кеткен. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің автокөлігін күдіктінің үйінен тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Күдіктінің бас шарасы «ешқайда кетпеу туралы міндеттеме». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде тұрғын көлігін тауып берген полицейлерге алғысын білдірді.

Түркістан облысы полицейлері қылмыстың алдын алу мақсатында азаматтарға көліктеріңізді ашық қалдырмаңыздар және өзгеге сеніп тапсырмаңыздар деп ескертеді.