Úı ANONS 200 мың теңгеге бәстескендер көшеде көлік жарысын ұйымдастырған

200 мың теңгеге бәстескендер көшеде көлік жарысын ұйымдастырған

фото ШПД
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Шымкент қаласының көшелерінде қауіпті жарыс ұйымдастырған жүргізушілердің бейнежазбасын анықтады.
Олар жол қозғалысы кезінде қарсы бағыттағы жолаққа шығып, қауіпті маневрлер жасап, авариялық жағдай туғызып, қозғалыстың басқа қатысушыларының қауіпсіздігіне қатер төндірген. Әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
Тексеру барысында қатысушылардың бірінің көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны да анықталды.
Белгілі болғандай, қауіпті әрекетке 200 мың теңгелік бәстесу себеп болған. Ұтысқа жетіп, әсерлі бейнежазба түсіруді көздеген жастар қала көшелерін жарыс алаңына айналдырған. Құқық бұзушылар жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, олардың екеуі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция кез келген құқық бұзушылықтың жолы дереу кесілетінін, ал кінәлілер заң талаптарына сәйкес міндетті түрде жауапқа тартылатынын ескертеді.