Түркістан облысында трактор мен жеңіл көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Бүгін Шымкент-Самара автожолының 141 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. «Хюндай-Гретта» маркалы жеңіл автокөлігі алда келе жатқан тракторға кіріп кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің бір жолаушысы көз жұмды, екінші зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта апат орнында анықтаушылар жұмыс істеуде.
Аталған жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК-нің 345-бабы «көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушыларды жолдарда өте мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады. Жылдамдықты арттыруға, маневр жасау ережелерін бұзуға, қарсы қозғалыс жолағына шығуға болмайды. Жолдардағы қашықтықты сақтау және тиісті жерлерден өту қажет.