Түлкібастық полицейлер жыл басынан бері 4000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады

112

 

Күнделікті Түркістан облысына қарасты Түлкібас АПБ-нің Жергілікті полиция, Әкімшілік полиция, Тергеу, Анықтау, Криминалдық полиция қызметкерлерімен Түлкібас ауданы аумағында яғни Т.Рысқұлов ауылының орталығында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

Сағат таңғы 08:00-ден бастап, түні бойы көше қиылыстарына полиция қызметкерлері қойылып, профилактикалық іс шаралар атқарылуда. Соның нәтижесінде 2020 жылдың 6 айында полиция қызметкерлерімен жалпы 4000-ға жуық хаттама толтырылды. Оларды саралап айтар болсақ, ҚР ӘҚБТК-нің 204-бабы «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» 31 хаттама, 408-бабымен «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу» 200 хаттама, 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» 380 хаттама, 437-бабы «Тыныштықты бұзу» 28 хаттама, 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» 309 хаттама, 441-бабымен «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін және электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу» 247 хаттама, 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» 8 хаттама, 492-бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» 224 хаттама, 590-бабымен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» 80 хаттама, 591-бабымен «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» 56 хаттама, 597-бабымен «Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу» 299 хаттама, 601-бабымен «Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау» 310 хаттама, 602-бабымен «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы» 211 хаттама, 608-бабымен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» 36 хаттама, 610-бабымен «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» 29 хаттама, 615-бабымен «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» 391 хаттама, өзге баптармен 988 хаттама толтырылған. Осылайша барлық қылмыстар саны 50 пайызға төмендеген. Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар аудандық полиция бөлімінің полицейлері тарапынан қатаң бақылауға алынып, тиісті деңгейде атқарылуда.