Түркістан облысында өзбекстандық әскери қызметші іздестірілуде

2251

 

20.06.2020 ж.Шымкент қ. ТЖД-не ҚР ІІМ ТЖ комитетінің басшылыған Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 1992 ж. т. әскери қызметшісін іздестіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету туралы хат келіп түсті.

20.06.2020 жылы сағат 08.30– да Мақтарал және Жетісай аудандарындағы су басу аймақтарында және су қоймаларында іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қ.ТЖД жедел-құтқару жасағының «Шардара» құтқару бекетінен 5 құтқарушы, 1 бірлік техника және 1 қайық шықты.

Қосымша Шымкент қаласынан сағат 09.15-те іздеу жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-құтқару жасағының 2 кинологиялық есебі шықты. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүргізілуде.