Шымкентте осыған дейін 80 мыңға жуық тұрғын ПЦР тесттен өткен. Оның 4554 -нен КОВИД -19 инфекциясы анықталған. Бұл туралы бүгін қаладағы эпидемиялық ақуал баяндалған брифингте айтылды.
Салаға жауаптылар қалада тесттің жеткілікті екенін айтады. Тексеруден негізінен ауру белгілері бар, қауіпті топқа жатқызылған — медицина, полиция, прокуратура салаларының қызметкерлері мен әскерилер өткен.
Дәулет Шорабаев, Шымкент қаласы денсаулық сақтауа басқармасының жетекші маманы: «Бізде ПТР тест жеткілікті. Біз «СҚ Фармацияға» тапсырыс беріп жатырмыз».
Басқарма өкілдері қаладағы эпидемиялық ақуал жақсарып келетініне сендірді. Алайда, қауіп сейіле қоған жоқ. Өткен тәулікте кви бойынша қалада 36 жағдай тіркелген. Осыған дейін қауІпті инфекциядан 2851 адам айығыпты.
Мақпал РЫСБАЕВА