Карантин кезінде сауна жұмыс істеген

274

 

Шымкентте карантин талабын бұзған сауна анықталды. COVID-19 инфекциясының таралмауы үшін Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында сауналардың жұмысына тыйым салынған. Соған қарамастан жұмыс істеп тұрған саунаны полиция департаменті өкілдері рейдтік іс-шаралар кезінде әшкереледі.

Түнгі сағат бір жарымда Ташенов көшесі №119 үйде орналасқан «Оңаша» саунасы клиенттер қабылдаған.

Әл-Фараби ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасы өкілдері нысан иесіне тиісті шара көретін болады.

Мақпал Рысбаева