Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін мобильді топ жұмыс атқаруда

291

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау-бұл кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын (мүдделерін) қалпына келтіруге бағытталған нормативтік тәртіппен белгіленген тетіктер кешені. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар заңнамалық деңгейде әртүрлі қорғау тәсілдерін пайдалана отырып, белгілі бір нысандарда жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік, оның ішінде прокуратура органдары жүйелі негізде бизнесті қорғау жөніндегі функцияларды іске асыру үшін барлық қажетті құралдар мен тетіктерді құрды.

Осыған байланысты Түркістан облыстық прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылу фактілеріне шұғыл әрекет ету бойынша мобильді топ жұмыс атқаруда.

Мобильдік топтардың міндеті кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы туралы кез келген сигналдарға жедел әрекет ету, оның орналасқан жеріне жедел шығу, кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу жағдайларын болдырмау болып табылады.
Байланыс үшін қызметтік және ұялы телефондардың нөмерлері: 8 (72533) 4-10-11 (ішкі 168) 8 701-552-55-25.