Кассалық тәртіпті сақтамаған дәріханаларға талдау жүргізілді

128

 

Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен БСАЖ бағдарламасына сәйкес, аудандағы дәріханалардың онлайн БКМ-дері бойынша талдау жұмыстары жүргізілді.

Ауданда дәріхана қызметімен айналысатын 43 салық төлеуші тіркелген (25 жеке кәсіпкер, 18 заңды тұлға), оның ішінде 40 салық төлеуші 55 онлайн БКМ тіркеген, 3 салық төлеуші әрекетсіздігіне байланысты онлайн БКМ тіркемеген.

Коронавирустың таралуына байланысты пандемия кезінде, дәрі-дәрмек құралдарын алуды көптеген тұтынушылар сатушылар тарапынан БКМ фискальды чектерін бермеу фактілерімен кездесіп отыр. Мысалы, әлеуметтік желідегі топқа Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесінде орналасқан дәріханада бақылау-кассалық машинасын қолданбай, тұтынушыларға кассалық чек бермегендігі туралы шағым түсті.

Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен аталған мекен жайда орналасқан «Аружан» жеке кәсіпкерлігіне талдау жүргізілді.

Салық төлеуші 2014 жылы 22 қазанда тіркеліп, жеңілдетілген декларация режимінде жұмыс істеп келеді. 2019 жылдың 2 жартыжылдық 910.00 есебіне сәйкес, табысы 600 000 теңгені құраған, қызметкер саны 1 адам.

Жеке кәсіпкерге бақылау-кассалық машиналарын қолданбағаны үшін, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес, әкімшілік шара қолданылды.

Осыған орай, Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы әрбір алынған тауарларға, көрсетілген қызметтерге және атқарылған жұмыстарға БКМ фискальдық чектерін талап етіп, азаматтық белсенділікті айқын көрсетуге шақырамыз.

Құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Одан басқа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Мемлекеттік кірістер комитетімен «WIPON» мобильдік қосымшасы арқылы «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы іске қосылған. Осында чекті жібере отырып, акцияға қатысушы лезде мобильді телефон теңгеріміне 5000 теңгеге дейін қаржылай сыйлық ұтып алуға мүмкіндігі бар. Егер, чек берілмеген жағдайда, акция қатысушысы шағым жолдай отырып, шағым расталған жағдайда, акцияға қатысушы мобильді телефон теңгеріміне кепілдентірілген қаржылай сыйлық ұтып алады.

С.Құтышев мырзаға азаматтық белсенділігі мен құқық бұзушылыққа төзбеушілігіне үлкен рахметімізді білдіреміз.