Көлік жуушы телефон ұрлаған

155

Түркістан облысы полицейлері ұялы телефон ұрлаған көлік жуушыны ұстады. Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша ол көлік жуу орталығына автокөлігін жудыруға беріп, қайта келгенінде көліктің салонындағы «Орро» маркалы ұялы телефоны жоқ екенін байқаған. Телефоны ұрланғанын білгеннен кейін, полицейлерден көмек сұраған. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында аудандық полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ұялы телефонды жәбірленушінің көлігін жуған жас жігіт ұрлағаны анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай оңай жолмен ақша тапқысы келген жас жігіт ұялы телефонды білдіртпей ұрлап, алдағы уақытта сатып жібермекші болған. Алайда тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында күдікті анықталып, үйінен ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен, ұялы телефондарыңызға барынша абай болыңыздар деп ескертеді. Яғни, ұялы телефондарыңызды кез-келген жерге тастамаңыздар. Егерде сізде, осындай ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

МАҚПАЛ РЫСБАЕВА