Коронавируспен ауырғандар шипажайларға емделуге жіберілуі мүмкін

250

Коронавируспен ауырғандар ел аумағындағы шипажайларға емдеуге жіберілуі мүмкін. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтып берді.

Айтуынша, пандемия кезінде көптеген азаматтарға өз қаражатына емделуге тура келді. Бұл кезеңде сауықтыру медициналық көмегі екі есеге қысқарды. Қор тарапынан талдау жүргізіліп, халық арасында бұл қызметтерге деген қажеттіліктің өте жоғары екені анықталған.

Болат ТӨКЕЖАНОВ, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Басқарма төрағасы: «Тамыз айынан бастап біздің қор коронавируспен ауырған науқастарды сауықтыруды бастайды. Денсаулық сақтау министрлігі мен денсаулық сақтау басқармаларының құрамында өз шипажайлары, оңалту орталықтары және санаторийлік-курорттық ұйымдары бар. Бізге санаторийлік-курорттық ұйымдардың қауымдастығы жүгінді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, сауықтыру көмегінің алгоритмі әзірленіп жатыр».

Мақпал РЫСБАЕВА