Мақтааралда 100-ден астам тұрғын карантин ережелерін бұзған

116

 

Мақтааралдық полицейлер 1000-ға жуық нысандарды тексеріп, карантин талаптарын сақтамаған 100-ден аса тұрғынды анықтады. Мобильді топ карантиндік шараларды бақылап, басқа да құқықбұзушылықтардың болдырмау мақсатында алдын алу және тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Заңбұзшылықтарға қатысты тиісті әкімшілік хаттама толтырылды. Осы жайттарға байланысты жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Одан бөлек, аудандық полицейлер азаматтардың белгіленбеген орындарда суға түсуіне тыйым салып, қауіпсіздік шараларын ескертуде. Бұл бойынша 431 жайт тіркеліп, оларға әкімшілік хаттама толтырылған. Тәртіп сақшылары жергілікті халықты карантин режимін сақтауға шақырады.

Мақпал Рысбаева