Медицина мамандарын келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады

376
фото Egemen.kz

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қазақстан Армиясында әскери қызмет өткеру бұл тұрақтылық және ертеңгі күнге сенімділік!

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы » заңына сәйкес медицина мамандарын келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауға шақырады.
Осыған байланысты әрбір азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша жергілікті әскери басқару органдарына барып (военкоматтарға) барып құжаттарын ұсына алады. «Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы» екенін естен шығармайық.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
– Қазақстан Республикасының азаматтығында болуы;
– Дені сау болуы;
– -әскери лауазымға сәйкес келетін әскери –есептік мамандығының болуы;
– Сотталмаған болуы.

Қосымша ақпаратты 8 (7252) 55-81-29 нөмірі арқылы ала алады. СаІІ – орталыққа күнделікті (тәулік бойы) хабарласуға болады.