Úı ANONS Мыңдаған жұмысшы келісімшартсыз еңбек етіп жүр

Мыңдаған жұмысшы келісімшартсыз еңбек етіп жүр

Түркістан облысында еңбек қатынастары толық реттелмеген. Мыңдаған жұмысшы заңды келісімшартсыз еңбек етуде. Зейнетақы жарналары да уақытылы аударылмай отыр. Аймақ басшысы жауаптыларды сынға алды. Кемшіліктер қашан жойылады? Кедейлікті азайтуға қандай нақты қадамдар жасалуда?

 

Еңбек қатынастарын заңдастыру, халықтың әл-ауқатын арттыру, кедейлік деңгейін төмендету – басты мақсат. Түркістан облысы әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте дәл осы салада кемшілікке жол берген жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтылды.

 

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің мәліметінше, аймақта екбек қатынастарын рәсімдеу әлі де өзекті мәселеге айналып отыр. Мысалы, аймақта 3329 мекеме бар. Онда 10 мыңнан аса қызметкермен еңбек-шарты жасалмаған. Әсіресе, кәсіпкерлік, білім беру, әлеуметтік және ауыл шаруашылығы саласында жиі кездеседі. Сонымен бірге 56 мыңға жуық қызметкердің міндетті зейнетақы жарнасы аударылмаған.

 

Облыста халықты әлеуметтік қолдау және кедейлікті азайту мәселесі де бар. Аймақта 59 мыңнан аса адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Ресми мәлімет бойынша, кәсіпорындарда ашылған жаңа жұмыс орындары кедейлік деңгейін біршама төмендеткен, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайтуға сеп болған.

Дилара Иса