Úı ANONS 36 сарбаз әскерге аттанды

36 сарбаз әскерге аттанды

Шымкенттен 36 жас сарбаз әскер қатарына аттанды.  Олар енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы бөлімшелерінде қызмет етеді. Мамандардың айтуынша, үміткерлердің бәрі медициналық тектерістен өтіп, психологиялық сынақтар мен сұхбаттасу кезеңдерін сәтті тәмамдаған.

 

Салтанатты түрде шығарып салмас бұрын комиссия мүшелері сарбаздардың дайындығын тағы бір мәрте пысықтады. Биылғы іріктеуде техникалық білімі бар, спортқа бейім әрі әскери қызметке шын ынтасы бар азаматтарға басымдық бердік дейді жауаптылар. Әбдіғабит Шегебаевтың сөзінше, көктемгі шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде мегаполистен 1200-ден астам азаматты әскерге аттандыру көзделіп отыр

ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: «ҰҚК Шекара қызметіне шамамен 140 азамат жіберілмек. Сонымен қатар Мемлекеттік күзет қызметіне 20 жас, ал Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне 700-ден астам шақырылушы жолданады. Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық ұлан қатарына да шымкенттік жастар қабылданады. Біірінші біз сапаға жұмыс істеп жатырмыз».

Бүгінде әскерге шақыру туралы хабарлама SMS арқылы да жіберіледі. Сондай-ақ, шақыру туралы мәліметті «электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинеттен көруге болады. Ал дәстүрлі қағаз түріндегі шақыру қағаздарын мамандар тұрғылықты мекенжай немесе жұмыс орнына жеке жеткізеді.

Нұргүл Жолымбетова