Úı ANONS  ҰҚШҰ әскерінің елге кіру мүмкіндігі кеңеймек

 ҰҚШҰ әскерінің елге кіру мүмкіндігі кеңеймек

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы әскерінің ел аумағына кіру мүмкіндігі кеңейе түспек. Мәжіліс аталған ұйымға қатысты екі бірдей заң жобасын дайындауға кірісті.

Бірінші құжат аталған ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге қатысты. Ол келісім ұйымның күштік құрылымдарының әрбір мүше елдің аумағында уақытша болуын құқықтық тұрғыдан реттейді. Сондай-ақ, олардың мәртебесін айқындайды. Енді Мәжіліс сол келісімге өзгерістер енгізгіп, мүмкіндігін арттырғысы келеді.

Айгүл Құспан, Мәжіліс депутаты: «Түзетулер тараптардың аумағына құралымдарды жіберу негіздерін кеңейтуді көздейді. Мысалы, дағдарыс жағдайларын алдын алуға, гуманитарлық көмек көрсетуге, кенеттен тексерулер жүргізуге. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алып, ол бойынша қорытынды дайындауға дайын».

Сонымен қатар, тағы бір құжат – әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін әрі әскери мақсаттағы өнімді тасымалдауға қатысты. Бұл келісімге де өзгеріс енгізу қарастырылып отыр. Жаңа өзгерістер аталған тасымалдарды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге байланысты құқықтық базаны жетілдіруді көздейді.

Ербол Тұрымбет