Қарасора еккен күдіктілер ұсталды

179

Түркістан облысы полицейлері қарасора еккен күдіктілерді ұстады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері түлкібастық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, кезекті қарасора егістігін жойды.

Полицейлер Түлкібас ауданы тұрғынының үйінің бақшасынан құрамында есірткі заты бар 6 түп өсімдік тапқан. Оған қоса тінту кезінде жедел уәкілдер, күдіктіден өсімдік тектес ерекше иісі бар 3 орама затты тәркіледі.

Айғақты зат ретінде алынған есірткі түптері мен орамалар сараптамаға жіберілді. Бұл заттар құрамында есірткісі бар өсімдіктің түптері «қарасора» болып шықты, ал орамаларда «кептірілген марихуана» сақталған.

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 70 гр асты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарыамалдары жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақпал РЫСБАЕВА