Úı ANONS Кәріз құдықтарының қақпағын ұрлаған төрт күдікті құрықталды

Кәріз құдықтарының қақпағын ұрлаған төрт күдікті құрықталды

фото ТОПД
Түркістан облысы аумағында полиция кәріз құдықтарының қақпағын ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сайрам ауданы полиция қызметкерлері кәріз құдықтарының қақпағын ұрлады деген күдікпен төрт жергілікті тұрғынды анықтады.
Полицияға бір ұйымнан белгісіз адамдар кәріз құдықтарының қақпағын ұрлағаны туралы хабар түскен. Келтірілген жалпы шығын 500 мың теңгеден асты. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде күдіктілер қысқа мерзім ішінде анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде және барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шара жалғасып жатыр.