Úı ANONS Биткоин, жалған мәміле және бопсалау: Шымкентте аса ірі көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар...

Биткоин, жалған мәміле және бопсалау: Шымкентте аса ірі көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

фото ШПД
Шымкент қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық пен бопсалауға байланысты заңсыз әрекеттің жолын кесті.
Тергеу мәліметінше, күдікті құны шамамен 2,5 млн АҚШ долларын құрайтын бизнесті алаяқтық жолмен иемденген. Ол криптовалютамен (биткоин) төлеймін деп, компания мен мүлікті өз атына рәсімдеткен. Алайда барлық рәсімдер аяқталған кейін бұрынғы иесіне криптоәмиянға қол жеткізу үшін жалған деректер ұсынып, іс жүзінде ешқандай төлем жасамаған.
Кейін қалыптасқан жағдайды пайдаланып, компанияда беделге нұқсан келтіретін материалдар бар екенін айтып, оларды жария етпеу үшін $250 000 талап еткен.
Жедел іс-шаралары барысында күдікті талап етілген соманың бір бөлігін — 150 мың доллар алу кезінде ұсталды.
Аталған деректер бойынша алаяқтық және бопсалау баптарымен қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.