Құрбандық қашықтықтан шалынатын болды

136

Биыл құрбандық та қашықтықтан шалынатын болды. Ол үшін елімізде Qurban2020.muftyat.kz сайты ашылған.

Жұмысын бүгіннен бастаған электронды жүйеге тапсырысты қазірден тастауға болады. Тапсырыс арқылы шалынған құрбандықтың барлығы мұқтаж жандарға таратылады дейді бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Бас мүфти: «Алғаш рет іске қосылғалы тұрған бұл жүйенің кейбір кемшіліктері болуы мүмкін. Техникалық кемшіліктер орын алып жатса, кұрметті халық, түсіністікпен қарауға өтінеміз. Онлайн құрбандық шалу кезінде осы кезге дейін малды өзіміз таңдау, қасапшының жанына барып, өзіміз қатысу деген жағдай болмайын деп тұр».

Назерке Үкібасова