Құрбандыққа шалынатын мал етін ветеринарлар тексереді

566

Шымкент қаласында құрбандық шалуға арналған 6 мал сою бекеті белгіленді. Әр бекетте мал сою қызметі әртүрлі. Сала мамандарының айтуынша, барлығында санитарлық талаптар сақталған әрі құрбандыққа шалынатын түлікті тексеретін ветеринар мамандар бар.

Бұл Бозарық елді мекенінде орналасқан «Халал Қасап» мал сою бекеті. Осыдан екі жыл бұрын қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қолдауымен ашылған болатын. Естеріңізге салар болсақ, М. Х. Дулати көшесіндегі заңсыз мал сою орындарының жұмысын тоқтату үшін қала әкімі кәсіпкерлерге жер телімін бөліп, заман талабына сай бекет салуға түрткі болған. Бүгінде бұл бекет көпшіліктің көңілінен шығып отыр.

Сайдулла Гүлтораев «бір қойды 1500 теңгеден, ал ірі қараны 5 мың тенгеден соямыз қанша адам келсе де үзілісіз қызмет көрсетуге мүмкіндігіміз, малымыздың басы да жеткілікті».

Ал Сайрам тұрғын алабындағы ірі өндірістік кооперативі негізінен ірі қара союға көбірек ден қойған. Себебі қолдағы малдарының бәрі мүйізді ірі қара. Десе де ұсақ малды да сойып беруге әзір екендігін айтып жатыр. Мұндағы қызметтің бағасы уақ малға 1000, ірі қараға 4 мың теңге екен.

Қала әкіміндегілердің айтуынша шаһарда бұдан өзге және 4 мал сою алаңшалары бар. Бірақ осы екі бекет секілді ауқымды емес, шағын ғана. Күніне 10 бас ірі қара, 25 бас уақ мал союға қауқарлы. Десе де құрбан айт мерекесінде жамағатқа сапалы қызмет көрсетеміз деп сендірді.

Нұрлан Күдерұлы